13.05.2022, 17:30
Оқылды: 42

Алты адам мерт болып, 18 мың адам вирус жұқтырған: Солтүстік Кореяда коронавирус өршіді

Корея Халық демократиялық республикасында коронавирустан алты адам мерт болды. Ел билігі пандемия басталған уақыттан бері мұның алғашқы жағдай екенін мәлімдеді. Аз уақыттың ішінде 18 мың адамнан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап.

22222

Коронавирус жұқтыру дерегі алғаш рет Пхеньянда тіркелген. Омикрон штамы 8 мамыр күні тест тапсырған адамдардан анықталған. Кейін билік "төтенше жағдайдың шекті режимін" енгізіп, локдаун жариялады.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Еңбек партиясы орталық комитетінің саяси бюро отырысын шақырып, вирустың тарауын тоқтатуды талап етті.

Сонымен қатар жергілікті БАҚ сәуір айының соңында белгісіз дерттің белең алғанын хабарлады. Дерт 350 мың адамға жұққан.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Кореяда коронавирус анықталып, локдаун енгізілгені туралы хабарлаған едік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале