Сырым ауданында ауылшаруашылық өнімдерінің апталық жәрмеңкесі салтанатты түрде ашылды. Сауда думанының жаңа маусымының ашылуы шарасында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев сөз сөйледі.
Ел арасында «Жымпиты жәрмеңкесі» деп аталатын сенбілік саудаға ауыл-ауылдағы шаруалардан бөлек, көршілес аудандардан, соның ішінде Орал қаласынан саудагерлер жиі келеді.
Мәселен, кешегі аптада ет, сүт, қаймақ, айран, заузаның майы, жұмыртқадан бөлек, Орал қаласының іргесіндегі бағбандар гүл түптері мен сан алуан жеміс ағаштары көшеттерін сатты.
Жәрмеңке ауласында аудан көркемөнерпаздары концерт қойып, халық арасында лоторея ойнатылды. Жолы болған бір тұрғын қой ұтып алды.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz