Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Қайғылы оқиға Толстой көшесі, 90 мекенжайындағы тұрғын үйде болған. Қыз тоғызыншы қабаттан дүкеннің күнқағарына құлаған.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылған.
"Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол инотропты қолдау және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп хабарлады басқармада.
Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.