17.05.2022, 9:44
Оқылды: 93

Грант иегері атанды

Орталық Азиядағы көшбасшы, еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының бірі - Сүлеймен Демирел атындағы университет жақында SPT (SPT-мектеп және колледж түлектеріне арналған осы университеттің олимпиадасы) олимпиадасын өткізді.  Университет биылғы мектеп түлектеріне 264 грант бөлді.  
5B5D2246-0024-4A2C-A3B4-E2ADD11F8FDD

Онлайн, оффлайн сипатында оздырылған олимпиада сегіз таңдау  пәні бойынша өтті.  Бұл білім бәйгесіне 7000-нан астам ұл-қыз қатысты. Әр таңдау пәні бойынша үш оқушыға 100%-дық грант бұйырды. Барлығы 24 түлек аталмыш университетте 4 жыл тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.  Оралдағы Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 11 «б» сынып оқушысы Аида Ғинятова олимпиадаға қатысып, грант иегері атанды.  

– Өзімнің грант иегері атанғанымды естігенде бірден сене қойған жоқпын. Жағымды жаңалық тек мені емес, отбасымды, достарымды, мектеп мұғалімдерін – баршамызды қуантты. Сүлеймен Демирел атындағы университет ректоратына осындай тамаша мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын. Алайда Ұлттық бірыңғай тестілеуді де тапсырып, өз бағымды сынап көрмекшімін,  –  дейді грант иегері Аида.

Гүлнәр Шәңгерей,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале