17.05.2022, 9:00
Оқылды: 124

Балық пен шаян аулауға болмайды

Балық атаулы мен басқа да су  жануарларының уылдырық шашуы және көбеюі кезеңінде балық пен шаян аулауға тыйым салынды. ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі  комитеті төрағасының міндетін  атқарушысының 2015 жылғы 24 шілдедегі  №190 бұйрығы бар.

004F9C2B-E8DA-4D3A-9A26-CF2F81FF4B13

Көшім өзенiнде және Киров, Бітік, Дөңгелек, Пятимар су қоймаларында 1 мамыр-15 маусым, Шалқар көлiнде, Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінің көлдерінде және Қамыс-Самар жүйесінің көлдері мен өзендерінде 1 мамыр-31 мамыр, облыстағы басқа су айдындарында 1 мамыр-15 маусым аралығында балық аулауға болмайды. Кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, Жайық өзенінің облыстағы шегінде және оның барлық жанама су айдындарында (старицалар, құймалар, жылғалар, өзектер) 15 мамыр-15 маусым аралығында, облыстағы басқа су айдындарында 1 мамырдан 31 мамырға дейін  балық аулауға тыйым салынады. Сондай-ақ барлық су­да 1 сәуірден 15 маусымды қоса алғандағы аралықта шаяндарды аулауға тыйым салынады. Ғалымдар шаянның «табиғат санитары» ретінде қоршаған ортаға ерекше үлес қосатын қасиеті барын  анықтаған. Мәселен, өзен-көлдерде әртүрлі су өсімдіктері өседі. Уақыт өте келе олардың шөгіндісі түрлі улы газ шығарады. Соның салдарынан оттегі азайып, кейде балық пен басқа да су жануарлары өліп қалады. Шаяндар осы өлекселермен қоректенеді. Ал судың тазалығын сақтауға себеп болатын «санитарлар» күрт азайса, экология нашарлайды. Сондықтан тыйым салынған кезде шаяндарды ауламаған  жөн.

 Махамбет Берғалиев,  

БҚО бойынша балық инспекциясы  басқармасы Ақжайық балық  инспекциясы бөлімінің бас маманы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале