18.05.2022, 13:00
Оқылды: 121

Дәрігерлердің жалақысы тағы 30 пайызға артады

2023 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға артады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20

«Мемлекет басшысы жалпы халықтың, оның ішінде медицина қызметкерлерінің әл-ауқатына көп көңіл бөледі. Осыған байланысты: 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өскен болатын. 2022 жылы дәрігерлердің жалақысы орташа есеппен 30 пайызға, ол 400 мыңнан астам, орта медицина персоналының жалақысы 20 пайызға, ол 200 мың теңгеден астамға артты», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар министр келер жылы да медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат қарастырылып қойғанын айтты.

«2023 жылы дәрігерлер жалақысын орташа есеппен 30 пайызға, орта медицина персоналының жалақысын 20 пайызға арттыру жоспарланып, қазіргі уақытта қаражат қарастырылды», - деді Ажар Ғиният.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале