19.05.2022, 17:29
Оқылды: 52

Қайырымдылыққа бағытталған турнир

Жуырда Шыңғырлау ауданының Ақсуат ауылында ауыр дертке шалдыққан жерлесіміз Нұрхат Қалдыбаев еміне қаражат жинауға бағытталған самбодан аймақтық ашық турнир ұйымдастырылды. Жарыста Бөрлі мен Сырым аудандары және шыңғырлаулық балуандар күш сынасты. 10-12 жас аралығындағы 70-ке жуық жас бозбала 8 салмақ бойынша боз кілемде өнер көрсетті.

4BA1D5A1-153E-493E-A50C-C383D9D07546

Турнирдің ашылу салтанатында Нұрхаттың алғашқы жаттықтырушысы қазіргі таңда Бөрлі ауданы БЖСМ жаттықтырушысы Б.Сариев сөз алып, шәкіртінің жеткен жетістіктерін айтып, осындай игі шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Нұрхаттың еміне қаржы жинау үшін арнайы жәшік жасақталып, спортшылар қатысу жарнасын салса, шара қонақтары өз қаражаттарымен қолдау білдірді. Жиналған қаржының барлығы Нұрхаттың еміне аударылды. Жеңімпаздар дипломдар мен медальдармен марапатталды. Турнирдің үздік төрешісі атанған самбодан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы Н.Мағзомовқа мектеп басшысы алғысын білдіріп, мақтау грамотасын табыстады.

806DB85E-D1B9-4E38-9797-ED7C2C849F09

Шара соңында ауыл азаматы Б.Шалабаев 1,5 жылдан Ақсуат мектебінде қызмет етіп, ауыл балаларын күреске баулып жүрген жаттықтырушы Т.Наймановқа ауыл тұрғындары атынан алғысын білдіріп, тай мінгізді.

 А.Керей,

Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале