20.05.2022, 9:00
Оқылды: 61

Жайық өзені мен сағаларында әуесқой балық аулауға шектеу қойылды

Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың айтуынша, балықтардың уылдырық шашатын мерзімі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220519195334925e
«Осыған байланысты, 15 мамыр – 15 маусым аралығында Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағындағы Жайық өзенінде, барлық жайылма су айдындарында әуесқой балық аулауға толық тыйым салу күшіне енді. Мұндағы басты мақсат – су айдындарында балықтардың өсімін молайту. Сондықтан, инспекция мамандары 15 мамырдан 15 маусымға дейін өзен, көлдерге балық аулау құралдарымен барғандарға айыппұл салады. Жалпы, осы кезеңде балықтар уылдырық шашатын су айдындарында моторлы қайықтармен және басқа да құралдарымен жүруге тыйым салынды», - дейді Олег Тушканов.

Оның айтуына қарағанда, Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінде мұндай шектеу сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, 20 сәуірде басталған. Оның мерзімі 20 мамырда аяқталады.

«Қиғаш – Ресеймен шектесетін өзіндік ерекшелігі бар өзен. Мемлекеттің басты бағыттарының қатарында ауылдық жердегі кәсіпкерлікті, өңдеуші кәсіпорындарды дамытуға жан-жақты қолдау көрсету де бар. Сол себептен, Қиғаш өзенінен балық аулау мерзіміне ерте шектеу қойылды», - деп мәлім етті Олег Тушканов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын браконьерлерден 1 тоннаға жуық бекіре тәркіленген болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале