1.05.2016, 16:19
Оқылды: 72

Қалалық саябақ жаңа маусымын бастады

Screenshot_2016-05-01-16-06-59-1Бүгін қалалық мəдениет жəне демалыс саябағында жазғы маусымның ашылуы өтіп, оған қала əкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне саябақ алдындағы ескерткіш тақтаның алдынан бейбітшіліктің символы болған 25 көгершінді ұшырған қала əкімі одан əрі саябақты аралады.


 

IMG-20160501-WA0141Мереке қарсаңында саябақ аумағындағы барлық атракциондар мен ойын алаңдары іске қосылып, бірнеше алаңда мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымның бүлдіршіндері асфальт бетіне достық тақырыбына суреттер салды.

Бұдан кейін қала əкімі Орал тұрғындары мен қонақтарын атаулы мерекемен құттықтады.

- Құрметті қала қонақтары, бүгінгі Қазақстан халқы бірлігі мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Биылғы мереке Тəуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп, ерекше аталып өтуде.

IMG-20160501-WA0150Бүгін жаңа өңдеуден өткен саябақ өз маусымын бастады. Саябақта қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалуға қолайлы, барлық мүмкіндіктер жасалған. Бұл - ел экономикасының қуат алып, əлеуетіміздің жақсарып келе жатқанының көрінісі. Қаламызда тұрып жатқан түрлі ұлттардың ауызбіршілігінің арқасында қаламыз күн сайын көркейіп келеді. Қазақстан - біздің ортақ үйіміз болса, осы үйімізде достық туы мəңгі желбіреп, елімізде тек тыныштық болсын, - деді қала əкімі. Бұдан кейін қала жұртшылығы əр жерде ұйымдастырылған жергілікті өнерпаздардың концертін тамашалады.

IMG-20160501-WA0092- Биылғы маусымда саябақ біраз өзгерді. Көпшілік тамақтану орны бір жерге шоғырланды. Сондай-ақ Орал қаласында биыл тұңғыш рет ертегілер тақырыбында шепадан жасалған композиция қойылды. Жаңадан сауда орындары қойылды. Бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан аттракциондар мен балалар ойын алаңы түгел жөндеуден өтіп, іске қосылды,- дейді қалалық мəдениет жəне демалыс саябағы директорының орынбасары Дүйсенов Аңсар.

www.zhaikpress.kz

Лəззат Шағатай

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале