Бүгін «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімі Азамат Сафималиев алдын ала жазылған Жәнібек ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген сегіз адамның дені тұрғын үй, жұмысқа орналасу және грант алу мәселелері бойынша жүгінді.
Тұрғындардың өтінішін мұқият тыңдаған аудан басшысы күні бүгінге аудан бойынша 387 азамат үй кезегінде тіркеуде тұрғанын, үй кезек бойынша берілетінін айтып, жұмысқа орналасу, грант мәселелері бойынша қабылдауға қатысқан дербес бөлім басшыларына жұмыстану жөнінде бірқатар тапсырма берді.
А.Қожағұл,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz