23.05.2022, 17:00
Оқылды: 41

Оралда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері арасында спартакиада өтті

21 мамыр күні Орал қаласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Оған мемлекеттік корпорацияның Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының төрт филиалынан 80 қызметкер қатысты. 

13

Жарыс бес бағыт бойынша өтті: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және арқан тарту.

17

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі жан-жақты. Бізде тек ХҚКО қызметкерлері ғана емес, жерге орналастырушылар, геодезистер, жылжымайтын мүлік және заңды тұлғаларды тіркеушілер, әлеуметтік блок қызметкерлері де жұмыс істейді. Біз мәдени-спорттық іс-шараларды кезең-кезеңімен өткізуге тырысамыз, өйткені олар ұжымдағы корпоративтік мәдениетті дамыту үшін қажет. Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылығына осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға көрсеткен үлкен қолдауы үшін алғысымды білдіремін", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.

16

Спартакиада "Бір команда - бір мақсат!» идеясы аясында барлық қызметкерлердің бірлігін арттыру мақсатында өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының командасы иеленді. Олар 26-27 мамырда Ақмола облысында өтетін республикалық спартакиадада біздің өңірдің атынан бақ сынайтын болады.

photo1653192722 (6)

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясының

Батыс Қазақстан облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале