Уақыттың көші қанша алыстаса да, жүректен өшпейтін, әр естіген сайын естеліктер әлеміне елітіп алып кететін ерекше әуендер болады. Әсіресе, ата-әжеміздің, кейін әке-аналарымыздың жастық шағында талайды сезім бесігінде тербеген ностальгияға толы музыкалық туындылардың көпшілігі қазіргі жастарға да жақсы таныс. Осындай уақыт сынынан өтсе де, сыры таусылмас әсем әуендерді сағынып жүрген жандарға жақсы жаңалығымыз бар!
Мамырдың 26-сы күні сағат 19.00-де А.Н.Островский драма театрында Батыс Қазақстан облысы камералық оркестрінің артисі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жаңылсын Хасанованың «Жүрекке жылы әуендер» атты шығармашылық кеші өтпек. Аталған кеш барысында баршаға таныс сүйікті кинофильмдер арқылы санамызда жатталған әуезді әуендер ойналады. Соның ішінде «Ирония судьбы или с легким паром», «Служебный роман», «Ох, уж эта Настя», «Гостья из будущего» және т.б. бар.
Естеліктер әлеміне саяхат жасап, жастық шақты тағы бір мәрте еске алғыңыз келсе, есігіміз айқара ашық! Классикалық әуен кешіне қош келесіздер!