25.05.2022, 16:30
Оқылды: 37

Жәнібек ауданы 100 жылдық мерейтойын тойлауда

Бүгін Жәнібек ауданының құрылғанына 100 жыл толған торқалы той басталды. Оған алыс-жақыннан келген танымал тұлғалар мен кезінде осында қызмет атқарған жерлестеріміз алдымен мемлекет және қоғам қайраткері Мұстқым Ықсановтың ескерткішіне гүл шоғын қоюдан бастады. Оны атқару М.Ықсанов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Асқар Атаев пен облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовке ұсынылды. Батырлар аллеясындағы ескерткіштерге гүл шоғын қою рәсімі Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоғын қою аудан әкімі Азамат Сафималиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиевке берілді.

13

Қазақтың «қанатты қызы» атанған Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың ескерткішіне гүл шоғын қою құрметіне облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдаш Исқақова мен жоғарғы сот жүйесінің ардагері, қоғам қайраткері Ғалихан Бапақов ие болды. Кеңес Одағының Батыры Ерденбек Ниетқалиевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімін өлке тарихын зерттеуші жерлесіміз Мұхтар Қисықов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Тахир Қадимов атқарса, Кеңес Одағының Батыры Николай Чуриковтың ескерткішіне гүл шоғын Волгоград облысы Волжск қаласының басшысы Игорь Воронин мен Палласовка ауданының басшысы Вячеслав Толмачев қойды. Сондай-ақ «Қаһарман аудан» ескерткішіне гүл шоғын қою Жәнібек ауданының құрметті азаматы, білім саласының ардагері Өтебай Құспанов пен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсеновке берілді. Ақын, ғұлама Ғұмар Қараштың ескерткішіне гүл шоғын қою құрметіне ішкі істер органының ардагері Бекет Әліпқалиев пен қоғам қайраткері, жерлесіміз Самиғолла Оразов ие болды. Әрі қарай шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тауып, жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтап, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің ізгі тілегі мен сәлемін жолдап, құттықтау хатын оқып берді. Аудан әкімі Азамат Сафималиев сөз сөйлеп, бір топ жерлестерімізге марапаттар табыс етті. Шара облыстық ақындар айтысымен, кешке өнер жұлдыздарының қатысуымен болатын мерекелік концертімен, дала қызықтарымен жалғасын табады.

А.Құсайынов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале