25.05.2022, 15:15
Оқылды: 53

Соғылды соңғы қоңырау

Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев Бұлан орта мектеп-бөбекжай кешенінде өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысты.

17

Бұлан мектеп-бөбекжай кешені биыл 2021-2022 жылғы оқу жылын 81 оқушымен аяқтады. 18 оқу озаты, 23 оқу екпіндісі бар, білім сапасы 59 пайызды құрайды. Мектепте 26 ұстаз еңбек етуде. Биылғы түлектер саны – бесеу.

Мектеп директоры Майра Байниязова соңғы қоңырау салтанатымен құттықтап, мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған 2002 жылдың түлектері балабақшаға Отау ТВ мен музыкалық аппарат сыйға тартқанын, биылғы түлектер мектепке сый ретінде 10 түп жеміс ағашын отырғызғанын жеткізді.

15

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев жас түлектерді құттықтап:

– Елдің өркендеп, дамуы өскелең ұрпаққа, жастарға байланысты. Білім сапасын дамытуға сіздердің үлестеріңіз бар. Аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиадалары – білім сапасын арттыруға бағытталған шаралар. Биыл аудан мектептерінен 180 түлек түлеп ұшуда. 172 оқушы облыстық, республикалық жарыстарда жеңіске жетті. Мұндай шәкірттер Бұлан орта мектеп-бөбекжай кешенінде көптеп саналады,- деді.

 

Бастауыш сынып мұғалімі Насиха Мырзағалиева, сынып жетекшісі Ганмиржан Тұрғаналиева, түлектер атынан Нұрәділ Сағидоқас, ата-аналар атынан Ыбырай Садықов сөз сөйледі.

21

Түлектер ән шырқап, вальс биледі.

18

Соңғы қоңырауды түлектер мен сынып жетекшісі соғып шықты. Шара соңында түлектер аудан әкімімен естелік суретке түсті.

16

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале