25.05.2022, 17:30
Оқылды: 66

Мектепте соңғы қоңырау сыңғырлады

Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы мектепте кезекті соңғы қоңырау салтанаты өтті. Салтанатты жиынды мектеп директоры Гүлнар Бисенғалиева ашып, оқушылар мен ата-аналар алдында сөз сөйлеп, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, биылғы жылы мектеп бітіргелі отырған түлектерден екі оқушы «Алтын белгіге», ал тағы бір оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер ретінде тіркелгендігін мақтанышпен атап өтті. Мектеп қабырғасынан ұшқалы отырған түлектерге ақ тілегін арнады.

5

Үздік оқушылар алға шығып, мектеп алаңындағы Л.Қылышев ескерткішіне гүл дестесін қойып, құрмет көрсетілді. Оқу жылын үздік бітірген барлық сынып оқушыларының аты-жөндері аталып, ортаға шықты.

2

 

Соңғы қоңырау салтанатында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова және  аудандық білім  беру бөлімінің басшысы Қуаныш Есенов сөз сөйлеп, мектеп бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі.

1

Жүректері лүпілдеген 11 сынып оқушылары мерекелік жиында қоштасу әндерін шырқап, мектеп вальсін биледі.

3

Аспанға шар ұшырып, соңғы қоңырауды соңғы рет соғып, ұстаздарына алғыс сезімдерін білдірді.

4

А.Мұса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале