25.05.2022, 18:00
Оқылды: 44

Қызылталдағы соңғы қоңырау

Еліміздің білім мекемелерінде бүгін үлкен мереке. Соңғы қоңырау салтанаты. Әсіресе биылғы мектеп түлектері үшін бұл күн ерекше. Осындай соңғы қоңырау салтанаты Бөрлі ауданының Қызылтал орта мектебінде де өтті.

283574097_3298841917107713_6332500633026825663_n

«Жалпы, Қызылтал мектебінде осы оқу жылында 947 оқушы білім алған. Оның 59-ы биылғы түлектер. 5 оқушы «Алтын белгіден», 3 оқушы «Үздік аттестаттан» үміткер. Әсіресе «Алтын белгі» үміткерлерінің ішінен Ержанова Ақкүміс пен Кабжанова Айтолқынды ерекше атап кетуге болады. Екеуі де аудандық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері», - дейді мектеп директоры Шолпан Ғаббасқызы.

Соңғы қоңырау салтанатына ата-аналармен бірге 2012 жылғы түлектер де келген. Олар биылғы жылы мектеп түлектеріне сәт сапар тілеп, мектептің үлгілі, озат оқушыларына сый-сыяпаттарын ұсынды. Атап айтқанда, «Оқуға құштар» мектеп жобасы аясында өткізілген байқаудың жеңімпаздарына үш скейтборд сыйлап, осы жобаның аудандық байқауының жеңімпазы Айсағали Нұрсұлтанға велосипед сыйға тартты.

283987465_3298841977107707_6639096719680173874_n

Мерекеге Ақсай қаласы әкімі Арсен Баяндықов, аудандық мәслихат депутаты Дариға Нұрашова қатысып, түлектерге сәт сапар тіледі.

Дариға Кеңесбайқызы,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале