ҚР Парламенті Сенатының депутаттары алдында сөз алған мекеме жұмысшылары кәсіпорын жұмысын бұданда қарқынды жүргізуі үшін үкіметтен қолдау сұрады.
Оралдағы машина жасаумен айналысатын іргелі кәсіпорын бүгінде коммуналдық қызметке қажетті көліктер мен өрт сөндіруге қажетті көліктер шығарады. Қазір кәсіпорын қанатын кеңге жайып күнделікті тұрмысқа қажетті көліктерді де құрастырып жүр. Бірақ, жұмыс көлемін бұданда арттырып, бәсекеге қабілеттілікті күшейту үшін үкіметтен қолдау болса дейді жұмысшылар.
Жұмысшылардың бұл сөзіне ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов былай деп жауап берді:
«Біз бүгін Орал қаласындағы біраз кәсіпорындарды аралап халықпен кездесіп жүрміз. Облысқа келгендегі мақсатымыз аймақтағы бизнестің дамуы мен жол құрылысында жасалған жұмыстарды көзбен көру. Бүгін кездесуде «Агрореммаш» жұмысшылары өздерінің өзекті мәселелерін атап өтті. Олар жұмыс көлемін арттыруға мүмкіндік әрі әйелдердің зейнет жасын төмендетуді сұрады. Біз аталған мәселелерді үкімет отырысында баяндайтын боламыз».
Кәсіпорындарды аралаған Сенат депутаттары алдағы уақытта конституцияға енетін өзгерістер туралы да ақпараттармен бөлісті.
zhaikpress.kz