Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті депутаттарының көшпелі отырысында айтылды.
Комитет отырысына БҚО әкімінің орынбасары және сала мамандары қатысты. Осы жиында сөз алған БҚО әкімінің орынбасары Темірхан Меңдіғалиев БҚО әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Биыл БҚО бойынша автомобиль жолдарын жөндеу үшін бюджеттен 52,0 млрд қаржы қарастырылған. Ол ақшаға облыс бойынша 559 шақырым жол жөнделеді. Оның 210 шақырымы республикалық маңызға ие жол болса, қалған 349 шақырымы жергілікті маңызға ие тас жолдар.
БҚО-ға келген Сенат депутаттары да облыстағы жол мәселесіне баса назар аударып отыр. Осы салаға биыл бөлінген қаржы да екі есеге артқан. Комитеттің көшпелі отырысында бұдан бөлек «Қарапайым заттардың экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
zhaikpress.kz