30.05.2022, 14:45
Оқылды: 36

Бөтен адам соңынан қалмай келе жатқанын байқаған бала не істеуі керек – ІІМ кеңесі

Еліміздің ішкі істер министрлігі балаларды түрлі қауіптен сақтау шараларын тағы бір еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220530125408115e

«Бала танымайтын ересек адамдармен сөйлеспегені жөн, бөгде кісі әңгімеге тартқан жағдайда да оған мән бермеу керек. Танымайтын адамдар берген тәтті немесе басқа да сыйлықтарды алмағаны абзал. Егер бөтен кісі сыйлықты қоймай ұсынып жатса, онда ата-анасына хабарлассын. Ата-аналарға ескерту, егер арам ойы бар адам баланы оңашаға алып кеткісі келсе, ол баланы әртүрлі тәсілмен алдап-арбайды. Мысалы, ойыншық алып береді, ұялы телефоннан жаңа ойын түрін көрсетеді немесе күшік және мысықтың баласын көрсетемін деп алдауы мүмкін. Жоғарыда аталған жайттардың алдын алу үшін балаға түсіндірген жөн», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Жұманалин аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ өкілінің кеңесінше, егер жағдай адам жоқ жерде орын алса, бала айғайлап, мүмкіндігінше қарсылық көрсетіп, қашуға тырысуы керек.

«Егер бала ізінен бөгде адамның еріп, аңдып келе жатқанын байқаса, көпқабатты үйдің кіреберісіне жалғыз кірмегені абзал. Далада тұра тұрсын немесе таныс көршілерімен бірге кірсін. Болмаса үйіндегілерге хабарласып кіреберістен күтіп алуын сұрасын. Ал егер бала үйдің кіреберсіне жалғыз кіріп, артынан танымайтын ересек адам кірсе, онда лифтіге мінбегені дұрыс. Егер қауіп байқалса, көршілерді көмекке шақырсын. Түрлі қауіптің алдын алу үшін осы аталған сақтық шаралары туралы балаларға жиі ескертіп отыру керек», - дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале