Сырым ауданында дәстүрлі "Жас дарын - 2022" үздіктер шеруі өтті. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов жас дарындарды жетістіктерімен құттықтап, білім саласы бойынша республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүрген үздік оқушыларды марапаттады.
Ал өнер саласы бойынша республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегерлеріне алғысхаттарды ардагер-ұстаз Гүлбақша Ерғалиева табыс етті.
Шығармашылық сала бойынша аймақ көлемінде М.Жоламановты еске алуға арналған аймақтық сурет байқауының, облыстық кинофестивальдің, жас өнертапқыштар "картинг" сайысының жүлдегерлері бар.
Жымпиты ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев спорт саласындағы облыстық, республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздарын марапаттады.
Аталмыш салада облыстық ХІ жазғы мектеп оқушылар гимназиадасынан 2005 – 2007 жылы дүниеге келген ұлдар, қыздар арасында гір мен орындалатын спорттан ІІ жүлделі орын алғаны үшін Талдыбұлақ мектеп - бөбекжай - балабақша кешенінің ұлдары, бұлдыртылық қыздар командасы, мектеп лигасының шағын футболдан 9-11-сынып ұлдары арасындағы облыстық турнирінің I орын жеңімпаздары, республикалық кезеңнің қатысушылары, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің оқушылары, облыстық ХІ жазғы мектеп оқушылары гимназиадасының қол күресі спорт түрінен ұлдар мен қыздар арасындағы командалық жарыста ІІ және ІІІ орын жүлдегерлері атанған Бұлдырты орта мектебінің оқушылары және бірқатар теңбілдоп шеберлерінің құрамасы марапатталды.
Салтанатты жиынның нүктесі ауданның бетке ұстар оқушыларының ұстаздарына арналған жылы лебіздерімен қойылды.
А.Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz