1.06.2022, 9:30
Оқылды: 45

Қант сатуға еш шектеу енгізбейміз – министрлік

Қазақстан Үкіметі қант сатуға еш шектеу қоймайды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

01

«Үкімет ретінде біз ешқандай шектеулер енгізбейміз. Сауда желілері өздерінде тапшылық болмау үшін өз саясатын жүргізеді, сондықтан мұндай ережелерді өздері енгізуі мүмкін. Мәселен, бір қолға 2-3 келіден артық қант сатпау – тікелей өз құқықтары. Егер олар қанттың көп сатылып жатқанын байқаса және келесі жеткізілім тек бір аптадан кейін келсе, дүрлікпе мен тапшылық тудырмау үшін өздерінің ішкі шектеу шараларын жүргізе алады. Мен сауда желілері үшін пікір білдіре алмаймын», - деді Ержан Қазанбаев тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Ержан Қазанбаев халықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін қант жеткілікті көлемде болатынын айтты.

Бұған дейін Е. Қазанбаев елімізде қант тапшылығы жоқ екенін айтқан еді.

«Кейбір сауда желілеріне қант сәл кеш түсіп, белгілі бір аралықта қант болмауы мүмкін. Қант тапшылығы жоқ және ол болмайды да», - деп түсіндірді комитет төрағасы.

Статистика көрсеткендей, өткен аптада қанттың орташа бағасы 450-470 теңге болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале