Warning: session_start(): open(/tmp/sess_kbq844lltl8mptbf0otsdc5qen, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Балаларды шаттыққа бөледі - официальные новости ЗКО
1.06.2022, 17:50
Оқылды: 266

Балаларды шаттыққа бөледі

Бүгін Шыңғырлау ауданының орталық саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты бала» атты мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараны ашқан аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова жеткіншектерге бақытты балалық шақ пен кемел келешек тіледі.

IMG_4421

Концерттік бағдарламада аудандық бөбекжай тәрбиеленушілері «Біз бақытты баламыз» әнін шырқап, «Болашақ» бөбекжайының бүлдіршіндері «Гүлдер», «Флешмоб» билерімен көпшіліктің  ықыласына бөленді.

IMG_4747

Сондай-ақ балалар өздерінің сүйіп көретін мультфильм кейіпкерлерінің сахналық көріністерін қызықтап, сұрақтарға жауап беріп мәре-сәре болды.

IMG_4444

Шара соңында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балаларға жаз мезгілінде суға түсу және өрт қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндіріп, парақшалар таратты.

IMG_4909

«Жердегі бір бала күлсе, аспандағы періштелер қуанады» дейді үлкендер. Тәтті жеп,  әткеншек тепкен сәбилердің сыңғыр күлкісі саябақ ішін әдемі әсерге бөлеп тұрды.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале