Бүгін Қаратөбе ауданының Қаракөл ауылдық округінде аудан және округ әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов ең әуелі округ орталығындағы Қаракөл орта мектебі мен ауылдық дәрігерлік амбуллаториясының жұмыс жағдайымен және №274 Ақтайсай сайлау учаскесінің алдағы жалпыхалықтық референдумға дайындық жұмыстарымен танысты.
Округ халқымен кездесуде ауыл әкімі Эльдар Амантаев жыл басынан бергі 5 ай ішінде округте атқарылған жұмыстарды баяндап, алда тұрған жоспарлы жұмыстарға тоқталып өтті.
"Ауылдың тұрақтылығын сақтау, инвестиция тарту, Қуағаш өзені бойына бақша егу, жазғы демалыс орынын салу, Ақтайсай ауылына - 10, Алакөл ауылына 5 дана қосымша көше шамдарын орнату, Ақтайсай ауылының кіреберісіндегі көпірді жөндеу, Қаракөл округіне «Алма бағы» саябағын салу, округ аумағындағы технопаркты жаңарту, Алакөл елді мекеніне дейінгі 2 шақырымға грейдер салуға сметалық құжат дайындауға ұсыныс беру, Ақтайсай ауылына балалар ойын алаңын салу, қосымша Алакөл елдімекеніне балалар ойын алаңын салу жоспарда тұр",- дейді ауыл әкімі Эльдар Ниязбекұлы.
Ауылымыздың 1992 жылғы мектеп түлектері Қаракөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешеніне жалпы құны 600 мың теңгеге балалар ойын алаңын жабдықтап, балаларға ойыншықтар сыйға тартты. 1982 жылғы мектеп түлектері мектеп кітапханасына 1 үстел, 15 орындық, 3 терезеге жалюз, «Оқуға құштар мектеп» стендін, сонымен қатар информатика кабинетіне 8 компьютер үстелін, 2 терезеге жалюз және 1 шкаф тарту етсе, 2007 жылғы мектеп түлектері Қаракөл мектебіне 10 пуфик орындықтар сыйға тартты.
Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы жыл басындағы есепті кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан қойылған мәселелердің орындалуы туралы баяндап, сауалдарға жауап берді.
Ақтайсай мәдени-демалыс орталығының директоры Ербол Рамазанов ақтайсайлықтардың көптен көкейінде жүрген өзекті мәселелер ауыл іргесіндегі өткелге орнықты көпір орнатып, жол салу қажеттігін алға тартты.
Әкімдердің жұмысына ризашылығын білдірген ауыл тұрғыны Димаш Дүйсенғалиев және тағы да басқа ауыл жастары жер мәселесі бойынша пікірлерін ортаға салды.
Округтегі аталмыш кездесуге аудандағы бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz