2.06.2022, 10:45
Оқылды: 32

Ақсай қаласында 41 жастағы  ер адам өзін-өзі атып өлтірді

Ақсай қаласында 41 жастағы ер адам өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220525113111501e

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 1 маусым күні таңғы сағат 07.30-да болды.

«1981 жылғы ер адам өз қаруымен өзін-өзі атқан. Марқұм есін жия алмастан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, оқ ер адамның жүрегінен тиген. Ол жедел жәрдем келгенге дейін мерт болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жас жігіттің көпірден секіріп кеткенін жазған болатынбыз.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жас жігітті құтқарып қалған тәртіп сақшылары, полиция лейтенанттары Ғаламат Хаиров пен Мэлс Махмет екендігін жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале