3.06.2022, 12:16
Оқылды: 66

Ел болып референдумға қатысайық

«Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсысымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Дана халқымыз айтқандай, қазіргі уақытта тірліктің де, берекенің де көзі – бірлікте.

Талғат Жанболатов

Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлесімізді қосатын боламыз. Референдум оң өзгерісті талап ететін ауқымды жұмыс.  Күні бүгінге дейін ауданымызда арнайы құрылған штаб мүшелерімен осы реферундымды түсіндіру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып келді. Өздеріңізге мәлім, аталған өзгерістерді қолдасаңыз, онда біз Президент айтқан Жаңа Қазақстанды, әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік аламыз. Бұл ел дамуы үшін маңызды қадам. Сондықтан да бәріміз ел болып референдумға қатысайық.

Талғат Жанболатов,

«AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының атқарушы хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале