3.06.2022, 15:00
Оқылды: 43

Жәрмеңкеге жұмыс іздегендер келді

Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

WhatsApp Image 2022-06-03 at 12.15.50

Өкініштісі сол ауданымызда 700-ге жуық жұмыссыз тіркелгенімен бұл шараға соның 15 шақтысы ғана келді.

Жәрмеңкеге аудан орталығындағы бірқатар мекеме басшылары келіп, өздеріне қажетті мамандарды іздеп, жұмыстарды ұсынды. Мәселен, аудандық жер қатынастары бөліміне шопыр қажет болса, ветеринарлық инспекцияға екі мал дәрігері және екі қарауылшыққа жеткен. Ал аудандық демалыс орталығына әжелер ансамблінің жетекшісі, дирижер, сонымен қатар Хан ордасы мен Жәрмеңке ауылдық мәдениет ошақтарына басшы қажет, аудандық ішкі саясат бөліміне бас маман іздейді, жастармен жұмыс ресурстық орталығында заңгер мен әдіскер жұмыс орындары бос тұр екен. "Орда" спорт мекемесіне бапкерлер және аула  сыпырушы талап етілсе, электр торабы монтер мен шопырды іздеді. "AMANAT" партиясының аудандық филиалының да уақытша екі маман қажет екен.

WhatsApp Image 2022-06-03 at 12.15.51

Жәрмеңкеден басшылар қарауылшықтар пен аула сыпырушы ғана тапты. Демек мамандарға деген тапшылық әлі де бар. Сондықтан ниеттілер тиісті мекеме басшылары жолығуларына болатынын ескертеміз.

WhatsApp Image 2022-06-03 at 12.15.52

Раушан Жанатқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале