«AMANAT» партиясының Теректі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Тілек Габдушев бүгін азаматтық қоғамдық қабылдау өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Досанов, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Руслан Хайруллин, аппарат басшысы Мирлан Еркебаев, Теректі ауылының әкімі Әсет Әубәкіров қатысты.
Бетпе-бет жүздесуде Шаған ауылының тұрғыны А.Бақытжан баспана кезегінің шаруасын шешуді тілге тиек қылды.
Ал Теректі ауылының тұрғыны М.Сұлтанов өздерінің «Қайрат» шаруа қожалығына қосымша мал жайылымына жер беруді сұрады. Жер мәселесі турасында аудан әкімінің орынбасары Ержан Нұржанұлы кеңінен түсіндірді.
Онлайн түрде бейнеқоңырау арқылы хабарласқан А.Сағынғалиева ауыз су мәселесін ортаға салды. Сондай-ақ, сарыөмірлік М.Апанаева жолдасына жұмыс сұрай келді.
Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар сұрағына нақты жауап беріп, мәселелер жауапсыз қалмайтынын айтты.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz