4.06.2022, 11:46
Оқылды: 109

Бүгін — рәміздер күні!

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осыған орай Шыңғырлау ауданы орталығында мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

шыңғ1

Ең алдымен еліміз бойынша бір мезетте әнұран орындалып, соңы салтанатты жиынға ұласты.

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова аудан халқын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, өңіріміздің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар мен азаматшаларға алғысхаттар табыс етті. Салтанатты жиында мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған жас маманның анты қабылданып, аудандық мәдениет үйінің көркем өнерпаздарының өнерлері тамашаланды. Шарадан кейін мемлекеттік рәміздердің шеруі ұйымдастырылды. Ауданның басты көшелері арқылы шеруге қатысушылар Мемлекеттік рәміздерді сән-салтанатымен алып өтті.

аттар

Көк туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбынды ел ретінде бүгінгі мерекенің орны ерек. Рәміздер - қазақстандық патриотизмнің, Отанға деген махаббаттың, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген терең құрметтің негізгі белгісі.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале