Бүгін еліміз үшін маңызды күн екені баршамызға мәлім. Тасқала ауданы орталығындағы №330 сайлау учаскесі таңғы 7:00-де есігін айқара ашты. Аудан тұрғындары сайлау учаскесіне ағылуда. Олардың арасында аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов те бар. Алдымен ашылу рәсімі өтіп, Қазақстан Республикасының әнұраны ойнады.
– 5 маусым еліміз үшін дұрыс таңдау жасайтын күн. Баршаңызды осы айтулы күнімен құттықтаймын. Ата заңымызға өзгерістер енгізілгелі жатқаны бәрімізге аян. Бүгінгі күнге баршаңызға сәттілік тілеймін. Жерлестеріміз өз таңдауын жасап, ауызбіршілігімізді танытайық. Алдағы уақытта еліміздің дамып әрі қарай өркендейтініне сеніміміз мол. Жақсы күндерде жолығайық ауылдастар, - деген аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы №330 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Халықтың дауыс беру уақыты кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
zhaikpress.kz