Казталов ауданы орталығындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру қызу жүруде. Ұзын-сонар кезек қалыптасып, еліміздегі Конституциялық өзгерістерді қолдаушылар қатары артуда. Олардың қатарында Бақытжан Сұлтан да бар.
- Бүгін өмірімде алғаш рет дауыс беріп отырмын. Еліміздегі орын алып отырған өзгерістерге көңілім толады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасын қолдаймын. Бұл еліміздің болашағы үшін маңызды, - деді ол.
Бақытжан Сұлтан референдум комиссиясы ұсынған арнайы сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ республикалық референдум аясында елдің алды болып дауыс берген, жасы үлкен және бірінші болып дауыс берген мүмкіндігі шектеулі жандарға референдум комиссиясы сыйлықтар табыс етті.
Бостандық ауылы жастарының да белсенділік танытып, бірге дауыс беруге келуі бірлігі мығым халықтың мерейін үстем қылуда.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz