5.06.2022, 11:18
Оқылды: 99

Жаңақалалықтар өз таңдауын жасауда

Бүгін еліміз үшін маңызды күн екені баршамызға белгілі. Жалпыхалықтық референдумға Жаңақала ауданының Жаңақала колледжі ғимаратында орналасқан №135 сайлау учаскесінде аудан тұрғындары өз таңдауларын жасап, дауыс беруде.

6

Рая Апахаева: - Референдум – бұл мемлекеттік қасиеттерді халықтық талқыға салып шешу. Президентіміз Қ.Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында биылғы жылы Ата заңымызға өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл өте дұрыс шешім деп есептеймін. Бұрынғы ата-бабаларымыз да елмен ақылдасып, игі істердің барлығын халықпен шешіп отырған. Бүгінгі референдумды өткізу - еліміз, жаңа Қазақстан үшін өте тиімді, жаңа бастама. Өзім №135 сайлау учаскесінде тіркелгенмін. Өз даусымды беруге келіп тұрмын.

сайдлау 5 (1)

- Бүгін өтіп жатқан референдум мемлекеттік бүкіл ұлтымыздың болашағына әсер ететін жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн. Осының алдында Президент сайлауына қатысқанмын. Референдум – еліміз үшін үлкен тарихи оқиға. Елдің азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Барлығы жақсы, оң болады деп сенім білдіремін, – дейді «JASTAR» спорт клубының ат спорты түрлерінің нұсқаушысы Қолқанат Серіков.

саулау

А.Айденова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале