Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы Рахметовтер отбасында 8 бала тәрбиеленуде. Таженова Айнұр - алтын алқа иегері. Көпбалалы жанұяның жеке кәсібі - мал шаруашылығы. Бүгін олар да отбасымен сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасады.
Дүйсеғалиевтер отбасы - 4 отбасыны бір шаңыраққа топтастырып отырған қарапайым жанұялардың бірі. Қазіргі уақытта кішігірім шаруашылық ашып, Қалабай қыстағында мал өсірумен айналысады. Референдум күні сайлау учаскесіне келіп, отбасылық таңдауын жасады.
Жалпақтал ауылының тұрғындары арасында тоғыз жаннан құралған үлкен отбасы бір мезгілде референдумға келіп өз таңдауларын жасады. Елімізде болып жатқан оң өзгерістерге салғырт қарамай, азаматтық белсенділіктерімен дараланған Манкишовтар отбасы бір мезетте келіп даусын берді.
Сайлау учаскесіне түгел отбасымен келгендер қатарында шыңғырлаулық Ажғалиевтер де болды. Сайын Ажғалиев көп жылдар бойы аудандық мәдениет саласында қызмет атқарған, ауданның дамуына елеулі үлес қосып жүрген азамат. Ұл-қыздарын да туған ауыл үшін қызмет етуге тәрбиелеген.
Дәл осындай мыңнан астам отбасы өңірімізде белсенді дауыс беруде.
zhaikpress.kz