Еліміздің болашағы үшін маңызы зор саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауларын білдірушілер белсенді түрде референдумға қатысуда. Бұған дейінгі ақпаратта Шыңғырлау ауданында барлығы 8789 дауыс беруші тізім бойынша тіркелді деп жазған болатынбыз.
Ендігі кезекте дауыс берушілер легі толастамай, референдум басталғалы 4-5 сағат көлемінде дауыс беру құқығына ие тұлғалардың 50 пайыздан астамы дауыс берген.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz