5.06.2022, 13:16
Оқылды: 29

Жарқын болашақ үшін дауыс бердім

Бүгін - егемен еліміз үшін маңызды күн. Тарихи сәттен қалыс қалмайын деп немеремді ерітіп, өз сайлау учаскемеде дауыс бердім. Осындай еліміз үшін шешуші кезеңнен ешбір азамат қалыс қалмауы тиіс деп ойлаймын.

WhatsApp Image 2022-06-05 at 13.07.30

Әр тұлға өзінің, қала берді ұрпағының жақсы өмір сүруі үшін аз да болса үлес қосуы тиіс. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңа бастамаларын қолдап, "Жаңа Қазақстанды" бірге құруға атсалысуымыз керек деп санаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болғай!

Флюра Миликеева,
БҚО татар мәдени
орталығының төрайымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале