5.06.2022, 17:25
Оқылды: 41

Бәйтеректіктер жауапкершілікті сезінеді

Бүгін елімізде өтіп жатқан Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға бәйтеректіктер белсенді қатысуда. Қазіргі уақытта ауданда тізімге енгізілген дауыс берушілердің 81,86 пайызы өз таңдауын жасаған. Аудандық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 32450 тұрғын сайлау учаскесіне келген. Сайлаудың өту барысын 154 қоғамдық бірлестік өкілі бақылап, 7 БАҚ жарықтандыруда.

WhatsApp Image 2022-06-05 at 17.18.48

Бақылаушылардың айтуынша, барлығы заңнама аясында жүруде. Ауданда саяси науқанға қатысушылар белсенді. Азаматтар мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезінеді.

Ауылдық округтерде тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, қолдау жасау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, аудан көлеміндегі ірі сайлау учаскелерінің бірі болып табылатын Достық ауылында егде адамдар, мүмкіндігі шектеулі жандар және үйлері сайлау учаскесінен қашық орналасқандар үшін арнайы көлік ұйымдастырылды. «Біз ауылдың WhatsApp-тағы тобына осы жаққа Газель көлігі кетті. Соған отырып келуге болады деп жазамыз,- дейді аталмыш ауыл әкімінің орынбасары Бекзат Бадақов. - Сол жақта тұратындар, жол бойында сайлау учаскесіне келе жатқандардың бәрін тасымалдап жатырмыз».

WhatsApp Image 2022-06-05 at 17.18.47

Айта кетейік, аталмыш ауылда 2703 сайлаушы болса, сағат 16-00-дегі жағдай бойынша оның 1642-сі дауыс берген.

Дарияндық Юлия Николаева алғаш рет дауыс берді. Ауылындағы №179 сайлау учаскесіне барған 18 жасар бойжеткен өз таңдауын жасады. «Еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін дауысымды бердім. Елімнің болашағы – бұл менің болашағым», - дейді ол.

Сәкен Әбілхалықов,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале