ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдумға сырымдық ардагерлер де белсене үн қосуда.
#291 сайлау учаскесінде Жымпиты ауылының ардагерлері Опағали Кенбаев, Тілекбай Мұхамбедиев, Александр Белкин алғашқылардың бірі ретінде келіп дауыстарын берді.
- Жаңа Қазақстаннан жаңашылдық күтеміз. Еліміз аман, халқымыз бақытты өмірде болсын, - дейді ардагер ұстаз Т.Мұхамбедиев.
"Сырым елі"