Қаратөбе ауданы бойынша 19 учаскеде референдум өтіп жатқандығын, ауданда 8965 дауыс беруші тіркелгендігін бұдан бұрын айтқан болатынбыз.
Қаратөбе аудандық аумақтық референдум комиссиясының сағат 18.00-дегі мәліметі бойынша, аудан халқының 7852-сі дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Ол аудандағы дауыс берушілердің 87,6 пайызын құрап отыр.
Дауыс беру сағат 20.00-ге дейін жалғасатын болады. Референдум кезінде заң бұзушылықтар орын алған жоқ.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz