6.06.2022, 16:31
Оқылды: 61

Қазақстанда ПЭТ-қалдықтарды шығаруға тыйым салынады

14 маусымнан бастап Қазақстанда ПЭТ-қалдықтарды (полиэтилентерефталат қалдықтары) шығаруға тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1

"2022 жылдың 14 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан ПЭТ-қалдықтарын шығаруға тыйым салынады. Шектеу алты айға созылады", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының аумағынан сыйымдылығы 2 литрден аспайтын бөтелкелерді, флакондарды және оған ұқсас бұйымдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3923301090); сыйымдылығы 2 литрден асатын өзге бөтелкелерді, флакондарды және оған ұқсас бұйымдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3923309090); пропилен (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3923309090) полимерлерінен жасалған қалдықтарды, сынықтар мен скраптарды (СЭҚ ТН коды 3915901100); полиэтилентерефталат-қалдықтарды әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы "Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 27 мамырдағы № 289 бұйрығымен тыйым салынған.

Комитеттің мәліметінше, тыйым отандық полимер өнімін өндірушілерді қолжетімді шикізатпен, яғни ПЭТ (полиэтилентерефталат) қалдықтармен қамтамасыз ету мақсатында, өндіріс көлемін ұлғайту және ішкі нарықта дайын өнімнің құнын төмендету үшін енгізілген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале