Ақтаулық құтқарушылар теңізге батып кеткен 18 жастағы студенттің денесін тапты, - деп хабарлайды "Лада".
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, суға батып кеткен жігіт өлі табылған. 8 мусымда сағат 7:33 шамасында сүңгуірлер 2004 жылы туған студенттің денесін алты метр тереңдіктен алып шыққан.
Еске салайық, 7 маусымда Ақтауда Бейнеу ауданының тумасы, қаладағы колледждердің бірінде 1-курс оқитын студент теңізге батып кеткені хабарланған болатын.