8.06.2022, 14:31
Оқылды: 104

Демонстрациялық алқапта – қуаңшылыққа бейім дақыл түрлері 

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және «Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясының» ғалымдары бірлесе ауыл шаруашылығы дақылдарының аудандастырылған және перспективалы сорттарының демонстрациялық тәжірибесін қолға алды.

WhatsApp Image 2022-05-06 at 21.27.13 (1)

Белгіленген танапқа өңірдегі қуаңшылық жағдайына бейімделген ауыл шаруашылығы дақылдары, арнайы сорттар мен линияларегілді. Барлығы – 8 дақыл, 57 сорт, жалпы көлемі – 4 гектарға жуық. Соның ішінде дәнді дақылдардан арпаның 17 сорты, жаздық бидайдың 16 сорты, ноқаттың 4 сорты, сафлораның 5 сорты, тарының 10 сорты, соргоның 5 сорты отырғызылды.

– Демонстрациялық тәжірибе Батыс Қазақстан облысының әртүрлі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен мамандарына арналған, – дейді Жәңгір хан университетінің доценті Диамара Тулегенова.

«Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» базасында қолға алынған бұл бастамаға Жәңгір хан университетінің «Агротехнологиялық институтының» студенттері де қатысып, тәжірибелерін шыңдады.

БҚАТУ медиа орталығы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале