29.10.2026, 19:00
Оқылды: 6

Оралда қалалық әкелер кеңесінің отырысы өтті

​Орал қалалық білім беру бөліміне қарасты №22 жалпы орта білім беретін мектепте «Қазақстанның әкелері» РҚБ Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласы бойынша әкелер кеңесінің отырысы өтті.

IMG-20261029-WA0142_edit_25822557160252

​Шараның басты мақсаты – позитивті отбасылық қарым-қатынастарды дамыту, жауапты әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі мен мәртебесін арттыру, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және отбасы — мектеп — қоғам ынтымақтастығын күшейту.

​Күн тәртібіне сәйкес бірлестіктің қалалық жұмыс жоспары таныстырылды. Еркін форматта өткен жиынға Орал қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесұлы, Орал қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айбек Шарипов, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Әсел Амангалиева, «Қазақстанның әкелері» РҚБ БҚО бойынша құрылтайшысы Серік Ихсанов, №22 ЖОББМ директоры Эльмира Хадимова және қала мектептері жанындағы әкелер кеңестерінің жетекшілері қатысты.

IMG-20261029-WA0138_edit_25867246467787

​Отырыс соңында ұйымдастыру мәселесі қаралып, Орал қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесұлының ұсынысымен және дауыс беру арқылы «Қазақстанның әкелері» РҚБ Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы бойынша әкелер кеңесінің төрағасы болып Қайыржан Таубаев сайланды.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале