8 маусым күні Казталов ауданы әкімі Рүстем Зұлқашевтың төрағалығымен жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, мекеме басшылары мен округ әкімдері қатысты.

Рүстем Мүлкайұлы жиынды 5 маусымда өткен референдумның қорытындысымен бастап, аудан активі мен халқына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ референдумның маңыздылығын және ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер жөнінде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізген аудандық штаб төрағасы Марат Тоясов, төрағаның орынбасары Уәлиолла Әбішев және штаб мүшелері Батырхан Байғонақов, Ғалия Ахметова, Гүлнар Сапахова, Қадырболат Жұбашев, Гүлнұр Ажғалиева, Жұмабек Ғабдолов, Салтанат Өтеғұлова аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Жиынның күн тәртібінде қаралған мәселелер мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу науқаны және «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсының аудандық деңгейде өткізілу барысы жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішеваның, «Е-Salyq Business» және «E-Salyq Azamat» қосымшаларына жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды тіркеу мәселесі бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Аслан Жұмағазиев, аудандағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жәй-күйі, олардың заңнамаға сәйкес тіркелуі туралы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Нұркен Иманғалиев, шаруа қожалықтарында жұмыс істейтін жұмысшыларды заңдастыру мәселелеріне қатысты, аудандағы мемлекеттік мекемелердің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып бейімделуі, цифрлық отбасы картасын толтыруға қатысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Радж Шәріповтың баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Аудан әкімі Рүстем Мүлкайұлы қаралған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Асылбек Нәсіпқали,
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz