10.06.2022, 11:14
Оқылды: 22

Алматы-Көкпекті-Көктал тас жолында көлік апатынан бір адам мерт болды

Алматы-Көкпекті-Көктал тас жолында автобус пен екі жеңіл көлік соғысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5748155B-086F-48ED-A140-5BA8DC1199DA

«9 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданында автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысты. Hyundai Getz көлігінің жүргізушісі Алматы-Көкпекті-Көктал жолының 42 шақырымында қарсы бағыттағы Saz Le-60 автобусына соғылды. Соққының қатты күшімен автобустан кейін ол Audi A4 көлігімен қақтығысады. Оқиға орнында Hyundai Getz көлігінің 34 жастағы жүргізушісі мерт болды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қажетті сараптамалар тағайындалды, іс ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале