Жаңадан құрылған өңір - Жетісу облысына сенатор әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейбіт Исабаев 1972 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
Саяси ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: "Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары және этносаяси процестер" (1998).
Еңбек өтілі:
- Қазақ КСР телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы (1985-1987);
- Республикалық «Лениншіл Жас» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі (1987-1991);
- «Өркен», «Горизонт» газеттерінің орынбасары, бас редакторы (1991-1994);
- Қазақ мемлекеттік теледидарының бас директоры (02.1994-04.1994);
- Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары (05.1994-07.1994);
- Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы (07.1994-1995);
- Алматы қаласы әкімінің орынбасары (1995-1997);
- ҚР Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы (1997-1999);
- ҚР Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры (1999-2000);
- ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі (2000-05. 2002);
- ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (05.2002-09.2002);
- ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (09.2002-12.2002);
- Қазақстан Республикасының «Орталық Азия ынтымақтастығы» Ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі (12.2002-2003);
- Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2003-2006);
- Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (25.04.2006-27.02.2008);
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі (27.02.2008-19.08.2008);
- Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы (19.08.2008-25.06.2009);
- Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (07.2009-16.03.2015);
- Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (16.03.2015-07.2019);
- Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы (07.2019-13.01.2022)
2022 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты.