13.06.2022, 8:59
Оқылды: 54

Қылмыстық істі электронды тексеру

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 3 қаңтардағы №2 бұйрығымен бекітілсе, қылмыстық процесті электронды форматта жүргізу жөніндегі нұсқаулық ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 42-1-бабына және 58-бабының 6-бөлігіне сәйкес белгіленген. Яғни онда сот тергеуі сатысында қылмыстық процесті электронды форматта жүргізу тәртібі айқындалған. Жалпы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (СДТБТ)  ақпараттық жүйе арқылы уәкілетті құрылымға берілетін «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚР заңы негізінде жүзеге асырылады. Былайша айтқанда, бұл әр іс-қимыл мен қылмыстық іс жүргізу жөніндегі электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының деректемелерін толықтыру болып табылады. Тағы бір айта кетер нәрсе, аталмыш ақпараттық жүйе қылмыстық құқықбұзушылық туралы арыз тіркелген сәттен бастап сот үкіміне (қаулысына) дейін қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша прокурорлық қадағалаудың тиімділігі мен қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын арттырады.

617a41f9c67c8685990852

Фотосурет: qaz.ulysmedia.kz

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына орай өткен жылдан бастап қылмыстық істер бойынша адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты негізгі процестік шешімдерді келісу міндеті прокурорға заңнамалық түрде жүктелді. Әрі олардың заңдылығы қатаң сақталуын қадағалау бойынша пилоттық жоба басталды. Осы жоба аясында бірқатар негізгі процессуалдық шешімдер қадағалаушы прокурормен келісіліп, содан кейін ғана ол процессуалдық мәртебеге ие болады немесе заңсыз ретінде жойылады. Сонымен, Қылмыстық  істі электронды тексерудің пайдасына келсек:

а) қылмыстық іс бұрмаланбайды, олар жоғалмайды;

б) қажет емес қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік  туады;

в) электронды нысанға көшкен соң істер тез қаралады;

г) сараптау күшейіп, іс мұқият тексеріліп, еліміз бойынша бірыңғай  тәжірибе пайда болады;

д) жәбірленуші, айыпталушы, сондай-ақ адвокат кез келген уақытта онлайн режімде істің қалай тергеліп жатқанын көре алады.

Қорыта айтқанда, электронды өтініштер модулі жұмыс істей бастайды. Егер тараптар тергеушінің іс-әрекетіне шағымданса, прокурор оның әрекеттерін бірден онлайн түрде көре алады. Бағдарлама бөгде адамдардың, соның ішінде жүйе әкімшілерінің қылмыстық істің материалдарына қол жеткізуден жоғары дәрежелі қорғауға ие. Істің материалдарына тек қана оны жүргізетін тергеуші мен прокурор ғана қол жеткізе алады. Бағдарламада 100-ге жуық процессуалдық құжаттардың шаблондары болады. Айтпақшы, сот санкциясын электронды түрде алуға болатындығын да  ескерте  кетелік.

Сержан Қайырғалиев,  

ҚР БП Құқықтық статистика 

және арнайы есепке алу 

жөніндегі комитеті  

Әскери басқармасының өкілі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале