13.06.2022, 20:45
Оқылды: 98

Министр: Қазақстанда орташа жалақы 285 мың теңге екеніне сенем

Орталық коммуникациялар қызметіне келген Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Қазақстанда орташа жалақы 285 мың теңге екеніне сенетінін» мәлімдеді.

22222222222

«Орташа жалақы қанша біздің елімізде?» деп сұрады Төртінші билік тілшісі Мадина Жатқанбаева министрден.

«Статистика бойынша 285 мыңдай ма солай. Айлық! 2022 жылғы сәуір айы бойынша», - деп жауап берді Қуантыров.

«Соған сенесіз бе?» деген сұраққа министр былай деді.

«Мен сенемін. Бұл сұраққа бірнеше рет жауап бердім. Орташа айлық. Қазақстанда әрине әртүрлі лауазымдар бар. Әртүрлі жұмыстар бар. Кейбір адамдар 1 млн теңге жалақы алады. Кейбірі минимиалды алады. Жалпы орташа деңгейі 285 мың теңге», - деп түйді министр.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале