14.06.2022, 9:00
Оқылды: 44

9 топ үшін газ бағасы төмендейді

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті әлеуметтік тұрғыда белгілі бір санатқа кіретін отбасылар үшін газ бағасына жеңілдік жасау жолын қарастыруда. Комитет есебі бойынша жаңадан сараланатын 9 топқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алатын тұтынушылар енбек. 

210702190015016a3808044i

Фотосурет: inform.kz

Сәуірдің 1-інен бастап Орал мен Тараз қалаларында пилоттық жоба аясында аталған санаттағыларға көгілдір отын бағасы 20%-ға арзандатылды. Соның ішінде Оралдағы тұтынушылар үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бойынша қызметтерге қатысты (ҚҚС есептемегенде  1000 текше метрге) қолданыстағы баға 16 958,62 теңгенің орнына 13 566,90 теңге деңгейінде жаңа баға бекітілді. Президент тапсырмасына сай комитет қоғамдық маңызы бар нарықта баға белгілеу қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуде. Қос қаладағы пилоттық жоба үмітті ақтаған сияқты. Табиғи монополияларды реттеу комитеті шілденің 1-інен бастап «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар» санатына жататын тұтынушылар елдің барлық газдандырылған өңірінде төмендетілген бағамен көгілдір отын тұтынатынын хабарлады. Газ бағасына байланысты жеңілдікке ие болғандар Egov.kz. порталы арқылы АӘК немесе тұрғын үй көмегін алушы ретінде өзінің санатын растауы тиіс.

Нұрлан Ғаппар,

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале