Үкімет отырысында Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаевтан әйелдерді 58 жастан зейнеткерлікке шығаруға бюджеттік мүмкіндіктер жеткілікті ме деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
-Бұл сұрақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиесілі. Біз бұл мәселені үкіметте әлі талқылаған жоқпыз. Бюджеттің жартысын әлеуметтік салаға бөлетінімізді білесіз. Қажет болса, бюджеттің жартысынан астамына артады, - деді Ерұлан Жамаубаев.
Бұған дейін сенатор Дана Нұржігіт әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін төмендетуді ұсынған болатын. Бұл үкіметте бұрыннан талқыланған.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын 60 жас алты айға дейін ұлғайтты.
Әйелдердің зейнет жасы 2018 жылдан бастап көтерілді. Демек, 2027 жылға қарай олар ерлер сияқты 63 жасқа жетуі керек.