14.06.2022, 17:29
Оқылды: 24

Елімізде халық саны бір жылда 1,2 пайызға өсті

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы еліміздің демографиялық жағдайы туралы мәлімет ұсынды. 2021 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 236,9 мың адамға өсті, деп хабарлады turkystan.kz.

J8vRHa51rNdz6eCbcDCbIaEllayS6elHt4hySzWY
«2022 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны 19 199,8 мың адам болды, оның ішінде қалалықтар – 11 442,9 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 756,9 мың адам (40,4%). 2021 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 236,9 мың адамға немесе 1,2% өсті», – делінген хабарламада.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда (88 мың адам) 9,8% кеміп, 79,3 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 12,54 адам болды.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде туылғандар саны 127 мың адам болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуірге (137,4 мың адам) қарағанда 7,6% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,08 туылғандардан келеді.

 baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале