Кеше Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов сырымдық түлектерге "Алтын белгі" және "Үздік аттестат" табыс ету салтанатына қатысты.
Сырым ауданы бойынша биыл 180 түлек мектеп бітірген болса, оның ішінде 12 оқушының білім сапасы "Алтын белгіге" лайық болған. Ал 7 түлек қызыл мұқабалы аттестаттың иегері атанды.
"Алтын белгі " - білім сайысының не спорт жарысының марапаты емес. Ол - шәкірттің 11 жылдық еңбек, ізденісінің өтеуі. Түлектің кеудесіндегі белгінің бетінен ата - ананың ақталған үмітінің де бейнесі жарқырай көрінетіндігі содан.
Мектеп бітірушілердің барлығына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің құттықтау хаты ұсынылды.
- Ата - анаңыз берген тәрбие мен алтын ұя берген білім Сізді адамдықтың шыңына бастайды. Қалаған мамандығыңызды адал игеріп, Жаңа Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосатыныңызға сенім мол - делінген хатта.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
Суреттерді түсірген: Айман Өтеғалиева